25
апрель
2023
Мейірімділік -жүректен
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында “Мейірімділік -жүректен” атты айлық жоспары негізінде “Мейірімділік жүректен” тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты:
Ата-аналар қауымдастығын нығайту;
”Мейірім-жүректен” тақырыбындағы айлық жоспарымен таныстыру;
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау;
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты дұрыс жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту;
Сонымен қатар, "Мейірімділік-жүректен" тақырыбында тренинг өткізіліп, ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі қандай екенін білу мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын айта отырып бейнероликті талқылады.