27
февраль
2023
ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ
Өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеп, салмақты ақыл айту аға буынның парызы. Әсіресе қазіргі заманның балаларымен көп әңгімелесіп, оларды виртуалды өмірден алып шығу қажеттілігі мол.
Осы бағытта департаментіміздің білікті мамандары мектеп қабырғасындағы жасөспірімдермен кездесу жасап, құқықтық дәрістер өткізуде.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі Аянхан Омаров өзі тәмамдаған А. Байтұрсынов атындағы имени Ахмета Байтурсунована барып, 8 сынып оқушыларына "Жасөспірім және заң" деген тақырыпта кездесу өткізіп, олардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, өтпелі кезеңдегі балаларға ағалық кеңесін айтып, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды. Айта кетейін, мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықты азайтуға айтарлықтай зор үлес қосады.