05
июнь
2023
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ІІ СЛЕТІ ӨТТІ
2023 жылы 30 мамыр күні «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде білім беру мекемелерінің Мектеп парламенті көшбасшыларының ІІ слеті өтті. Слетке Мектеп парламентінің президенттері және фракция мүшелері қатысты. Слеттің мақсаты: туған өлкеміздің тарихи жерлерін насихаттау, азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Жиын барысында мектеп парламенттері 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасап, тарихи жәдігерлерді тамашалады. Мектеп Парламенті ұйымы АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ!