«Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ http://50.shymkent-mektebi.kz/ ru «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ DataLife Engine 2025–2026 оқу жылы барысында сабақ процесі кезінде смартфон және өзге де мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады. http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2820-20252026-ou-zhyly-barysynda-saba-proces-keznde-smartfon-zhne-zge-de-mobild-bajlanys-rylylaryn-pajdalanua-tyjym-salynady.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2820-20252026-ou-zhyly-barysynda-saba-proces-keznde-smartfon-zhne-zge-de-mobild-bajlanys-rylylaryn-pajdalanua-tyjym-salynady.html  2025–2026 оқу жылы барысында сабақ процесі кезінде смартфон және өзге де мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Құрметті А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназия білім алушылары!📵📵📵 2025–2026 оқу жылы барысында сабақ процесі кезінде смартфон және өзге де мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады. Бұл талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығына сәйкес орындалады. Аталған бұйрықтың 2-тармағына сәйкес, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында: Оқу сабақтары кезінде ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғыларын (смартфондар, планшеттер, iPad, iPod, плейерлер, пейджерлер, модемдер (мобильді роутерлер) және т.б.) пайдалануға қатаң тыйым салынады. Осы талапты сақтауларыңызды сұраймыз.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:27:07 +0600
26 НАУРЫЗ ПАТРИОТТЫҚ КИНО КӨРУ КҮНІ http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2819-26-nauryz-patriotty-kino-kru-kn.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2819-26-nauryz-patriotty-kino-kru-kn.html  26 НАУРЫЗ ПАТРИОТТЫҚ КИНО КӨРУ КҮНІ
26 НАУРЫЗ ПАТРИОТТЫҚ КИНО КӨРУ КҮНІ 26 наурыз күні Наурызнама аясында «Патриоттық кино көру күні» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық фильм тамашалап, ел тарихы мен батырлар ерлігі туралы мағлұмат алды. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Бұл күн жас ұрпақты елін құрметтеуге, патриот болуға тәрбиелеуге бағытталды. Отанды сүю – әр азаматтың парызы! Еліңді сүйсең – ерлік жасайсың!]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:26:19 +0600
Демалыста кітап оқимыз http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2818-demalysta-ktap-oimyz.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2818-demalysta-ktap-oimyz.html  Демалыста кітап оқимыз
Демалыста кітап оқимыз А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия оқушылары көктемгі демалыста уақыттарын бос кетірмей кітап оқыды.Гайдбук бойынша берілген кітаптарды кітапханадан алып ,демалыста кітап оқып, зейіндерін ашты.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:25:37 +0600
Отбасымен кітап оқу http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2817-otbasymen-ktap-ou.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2817-otbasymen-ktap-ou.html  Отбасымен кітап оқу
Балалар кітапханасы А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназиясында "Отбасымен кітап оқу" атты іс-шара өтті.Шолпан Алибековна педагог- ветеран балдарға А.Байтұрсыновтың шығармаларын талдап айтып берді.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:24:36 +0600
ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ “БІР ТАЛ ЕКСЕҢ -ОН ТАЛ ЕК http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2816-jekochellendzh-br-tal-ekse-on-tal-ek.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2816-jekochellendzh-br-tal-ekse-on-tal-ek.html  ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ “БІР ТАЛ ЕКСЕҢ -ОН ТАЛ ЕК
ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ “БІР ТАЛ ЕКСЕҢ -ОН ТАЛ ЕК ” 🌱 Табиғатты аялау – әрқайсымыздың борышымыз. Осы мақсатта А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында химия және биология бірлестігінің ұйымдастыруымен экочеллендж аясында ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Бұл игі бастамаға ұстаздар, оқушылар және әр жылдардың түлектері белсене қатысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Әр отырғызылған тал – болашаққа деген сенім, келер ұрпаққа қалдырған аманатымыз. Табиғатқа жасалған әрбір қамқорлық – өзімізге жасалған жақсылық. Бір тал ексек те, оның саясында талай ұрпақ өседі]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:23:24 +0600
23 НАУРЫЗ –ТАЗАРУ КҮНІ http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2815-23-nauryz-tazaru-kn.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2815-23-nauryz-tazaru-kn.html  23 НАУРЫЗ –ТАЗАРУ КҮНІ
23 НАУРЫЗ –ТАЗАРУ КҮНІ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында Шымкент қаласының білім басқармасының 2026 жылғы 05 наурыздағы №3-05-4/1706-И санды хаты негізінде НАУРЫЗНАМА онкүндігінің жоспарына сай 23 наурыз-Тазару күні деп белгіленді. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:20:16 +0600
Жас ерекшелігі бойынша оқу http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2814-zhas-erekshelg-bojynsha-ou.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2814-zhas-erekshelg-bojynsha-ou.html  Жас ерекшелігі бойынша оқу
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасы демалыста кітап оқуға шақырады.Жас ерекшелігі бойынша оқуға берілген кітаптарды ұсынамыз.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:19:11 +0600
Кітап айналымы http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2813-ktap-ajnalymy.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2813-ktap-ajnalymy.html  Кітап айналымы
Балалар кітапханасы А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия балалар кітапханасы жобасы аясында "Кітап айналымы" іс-шарасы өтті.Оқушылар өздері оқыған шығармаларымен бөлісті.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:18:20 +0600
Жыл басы- Әз Наурыз http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2812-zhyl-basy-z-nauryz.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2812-zhyl-basy-z-nauryz.html  Жыл басы- Әз Наурыз
Жыл басы- Әз Наурыз 🌿 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында Наурызнама онкүндігі аясында Наурыз Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі кең көлемді, мазмұны терең әрі ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мереке – тек көктемнің келуі ғана емес, ол – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің символы. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының бай мәдениетін кеңінен насихаттады. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, мерекенің сәнін келтіріп, қазақы нақыштағы ерекше атмосфера қалыптастырды. Мерекелік бағдарламаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру және халқымыздың бірлігін нығайту болды. Әрбір қатысушы осы күннің маңыздылығын сезініп, жүректеріне жылулық пен қуаныш ұялатты. Наурыз – бұл жаңа үміттің бастауы, жаңа мақсаттардың кезеңі. Осы орайда баршаңызға зор денсаулық, молшылық, бақыт пен береке тілейміз! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ орнасын! 🌸 Әз Наурыз құтты болсын!]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:12:13 +0600
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2811-ltty-sport-kn.html http://50.shymkent-mektebi.kz/main/2811-ltty-sport-kn.html  ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында «Ұлттық ойындар керуені» атты бірыңғай республикалық акция өткізілді. Бұл күн ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңартып ұлттық ойындардың маңызын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық ойындар арқылы біз тарихымызды ұрпақ санасына сіңіреміз. Ұлттық ойындар- тек көңіл көтеру емес, бұл ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық кодтың көрінісі.]]>
admin Fri, 27 Mar 2026 14:09:19 +0600