14
апрель
2023
Қайырымдылық
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу- өзіңде барды өзгеге шын жүректен бөлісу. Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары А.Тазабекова және Н.Буксикбаева ата-аналар мен мұғалімдердің демеушілік қолдауымен "Қайырымдылық" акциясын өткізді.
Бұл акцияның мақсаты- қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табуда.
Өскелең ұрпаққа берген біліміміз бен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз!