Психологиялық көмек көрсету » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » Психологиялық көмек көрсету
30
январь
2023

Психологиялық көмек көрсету

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы  имени Ахмета Байтурсунованың 10 "Г" сынып оқушылары А.Медетбекованың жетекшілігімен жастар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру. Қобалжу, стресс және де ерік-жігерлік қасиеттерді дамыту сияқты психологиялық құбылыстардың алдын-алу мақсатында Отбасылық кітапхана және  Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен өткізілген  жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау арт- терапиялық, аппликациялық, психологиялық, семинар-тренингіне қатысты. Тренинг барысында, «Инновациялық білім беру орталығының» директоры сондай ақ «Ізгілікте жарысайық қоғамдық қорының» атқарушы директоры- Боранбаев Алтынбек Сырайылұлы проблема ретінде жастарда көп табылатын тұлғалық ерекшеліктер: сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сенгіштік, күмәншілдік. Қарым-қатынасқа байланысты проблемалар: қарым-қатынас жасау дағдысының жеткіліксіз болуы, адамдармен тіл табыса алмау, тұйықтық. Оқу, еңбек іс-әрекетіне қатысты проблемалар: сәтсіздікке бой алдыру, ерік-жігердің жетіспеуі, отбасындағы әр-бір адамның рөлі қандай болу керек секілді  мәселелер жайынды әңгімеледі. Іс-шараға  Жастар ресурстық орталықтың психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты.
Ашық әңгіме форматында өткен семинарда, оқушылар психолог маманына сұрақтарын қойып және өз ойларын айтты.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив