15
декабрь
2022
Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы имени Ахмета Байтурсунованда 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарға сай, оқушыларға еліміздің өз Тәуелсіздігін алу жолындағы тарихпен таныстыра отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагерлері Нуриддин Кенжебеков, Мұратбек Шекербеков, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Тәуелсіз мемлекетіміздің әнұранынымен ашылған кеште 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің куәсі болған ардагерлерге сөз берілді. Олар өздерінің бастарынан өткерген қиыншылықтарын айтып берді. Қазақ жастарының сол бір сұрапыл қақтығыста көрген қорлығы бүгінгі жастардың бейбіт, қуанышты күндері екендігін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Еліміздің тарихи кезеңдеріне шолу жасай отырып, патриоттық әндер, екі тілде өлеңдер, қобыздың үнімен «Отан Ана», домбырамен «Еркіндік» күйі орындалды. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ату жазасына кесілгендігі туралы көрініс көрсетілді.
Кездесу соңында мектеп директоры Жанар Пернеханқызы ата-бабамыздың ғасырлар бойы күрескен, азаттық жолындағы қанды, дауылды жорықтарының нәтижесі "Тәуелсіздік" ұғымы қасиетті болып табылатынын айтты. Келген қонақтарға алғысын білдіріп, жастарды Отанын сүюге, елін қорғайтын азамат болуға шақырып, естелікке кітап сыйға тарту етті.