31
январь
2023
Педагогтарді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Школа-гимназия №50
имени Ахмета Байтурсунованда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы бойынша 31.01.2023 жылы ДБІЖО Сексенбаева Ұлпан Нұрланқызының басшылығымен "Педагогтарді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді және семинар барысында педагогтерге:
Педагогтың цифрлық профилі;
Біліктілік тестілеуін тапсырудан қандай жағдайларда босатылуы немесе ұзартылуы;
"педагог", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-модератор", "педагог-шебер" біліктілік санаттары
туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар педагогтер біліктілік тестілеу аяқталғаннан кейін жазылуы міндетті болған "эссе жазу тәртібі" туралы хабарландырылды. Семинарға мектеп директоры Сарсенбаева Жанар Пернехановна да қатысты. Семинар өте жоғары деңгейде өтті, соңы мұғалімдер арасында сұрақ - жауап әдісі арқылы өз мәресіне жетті.