21
октябрь
2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РӘМІЗДЕРІНЕ 30 ЖЫЛ!
Республика күні — еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке. Бұл — ата-бабамыздың арманы орындалып, еркіндікке қол жеткізген күн. 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау, мемлекеттік Туды дәріптеу, оның қадірін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» патриоттық форумында «Лучший іс-шара» байқауы бойынша А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп -гимназия оқушылары ІІ орынды иеленіп, марапатталды. Сондай ақ, ұялы смартфон сыйға алды. Флешмоб биін дайындаған хореограф Д.Азизханова, байқауға видеороликті әзірлеген тәлімгер А.Төлеген апайларымызға алғыс білдіреміз!