27
март
2026
Дін және діл
Дін және діл
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп- гимназиясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Дін және діл» тақырыбында сайыс сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дін мен ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, рухани мәдениетті қалыптастыру және толеранттылық пен өзара сыйластықты насихаттау. Сайыс сабақ барысында білім алушылар өз білімдерін ортаға салып, дін мен дәстүрдің байланысы, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен білімділіктерін көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді.