27
март
2026
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы!

Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы! Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп- гимназиясында «Тәуелсіздігімнің жоғары құндылықтары» тақырыбында пікірлесу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Пікірлесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ел бірлігі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, жас ұрпақтың ел болашағына деген жауапкершілігі жайында да ой қозғады. Осындай тағылымды шаралар оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастырып, елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелейді.