Жырлайды жүрек » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
26
март
2026

Жырлайды жүрек

 Жырлайды жүрек
ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК… А. Байтұрсынов атындағы имени Ахмета Байтурсунованың 9 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиығы, сыршыл сезімнің символына айналған ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш тағылымы терең, мазмұны бай, рухани әсері мол деңгейде өтті. Бұл кеш — жай ғана еске алу емес, жүректен жүрекке жеткен жыр мерекесі болды. Ақынның мұң мен сырға, махаббат пен сағынышқа, адамгершілік пен отансүйгіштікке толы өлеңдері көрермен көңілін тербеп, әр жанның жан дүниесіне үңілуге жетеледі. Әдеби композициялар, әсерлі сахналық көріністер мен әсем әуендер поэзия мен саздың жарасымды үндестігін көрсетті. Кеш барысында Мұқағали жырлары оқылып, әнге айналған өлеңдер орындалып, ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылды. Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шара қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Мұқағали — бір дәуірдің ғана емес, мәңгіліктің ақыны. Оның өлеңдері уақыт өткен сайын құнын жоғалтпай, керісінше жаңа қырынан ашыла береді. «Жырлайды жүрек» кеші — сол мәңгілік жырдың бүгінгі ұрпақпен қайта қауышқан сәті болды. Жыр өлмейді, жүрек барда — Мұқағали мәңгі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив