26
март
2026
Жемқорлық – саяси-әлеуметтік қиын құбылыс

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында «Адал ұрпақ» жобасы аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған «Жемқорлық – саяси-әлеуметтік қиын құбылыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – жасөспірімдерге жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерін түсіндіру, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шара барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, өмірлік мысалдар арқылы жемқорлықтың салдарын талқылады. Адалдықты өмірлік ұстаным еткен ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!