04
апрель
2025
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг дегеніміз не?
А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияда 2025 жылдың 13-14 қаңтар аралығында білім алушылардың арасында буллингті болдырмау және алдын алу мақсатында және жылдық жоспарға сай, "Буллингтен қорған" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында "Буллинг дегеніміз не?" атты видеоролик көрсетіп, оқушылармен сұрақ — жауап алмасты. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға ашық жауап беріп, пікір білдірді. "Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллинг болуы мүмкін. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ" — деген тұжырыммен сынып сағаты қорытындыланды. Мақсаты: оқушыларға буллингтің түрінің ерекшеліктерін түсіндіру; Оқушыларды буллингке қарсы күресуге және қолдау көрсетуге үйрету;