04
апрель
2025
Балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оларды би арқылы өздерін білдіруге үйрету.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияда мектеп би үйірмесінің жетекшісі – Жақсылық Аңсаған бастауыш сынып және орта буын оқушыларымен жұмыс істеуде. Аңсағанның жетекшілігімен оқушылар сахнада өзін еркін ұстап, өнердің түрлі қырларын меңгеруде. Үйірменің мақсаты: • Балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оларды би арқылы өздерін білдіруге үйрету. • Сахнада сенімділікпен өнер көрсету дағдыларын дамыту. • Ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, ұлттық бидің бай мұрасын үйрету. Би үйірмесі аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері, 11:00 - 13:00 уақыт аралығында өтеді. Би үйірмесіне қатысу үшін ешқандай арнайы дайындық қажет емес, тек би өнеріне деген қызығушылық пен ынта керек. ✨ Биді бірге үйреніп, шығармашылық әлеміне қадам басу – әрқашан қызықты! Өнердің ұлы жолында бірге болайық, көңілді көтеріп, денсаулықты да нығайтып, өнердің ерекше әлемінде саяхат жасайық! Би үйірмесіне қосылуға шақырамыз!