ЛУДОМАНИЯ,НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМ ДЕРТІ » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » ЛУДОМАНИЯ,НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМ ДЕРТІ
03
апрель
2025

ЛУДОМАНИЯ,НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМ ДЕРТІ

  ЛУДОМАНИЯ,НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМ ДЕРТІ.
ЛУДОМАНИЯ,НАШАҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМ ДЕРТІ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында “Заң және тәртіп” тақырынбында айлық іс-шара жоспарына сәйкес, 11 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер-маскүнемдіктің, нашақорлықтың, лудоманияның, құмар ойындардың алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ДТІЖО- Е.Нурметов; мектеп медбикесі - Б.Абитаева; #2 қалалық емхана психологы- Азимова З.; терапевт врач- Тасыбаева Г.; социолог-Жафар М. қатысты. Дәрігер мамандар оқушылармен жүздесіп, оларға лудомания және нашақорлықтың зияндары туралы түсіндіріп өтті. Презентация арқылы нашақорлық адам өміріне қаншалықты қауіп төндіретінін, нашаның түрлерімен, нашаны бір рет қолданудың өзі тәуелділік туындататынын, нашақорлыққа салынуға қандай жағдайлар себеп болатынын тәтпіштеп түсіндірді. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар “лудомания” дейді. Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар», – деп текке айтпаса керек. Өткенімізге үңілсек, құмар ойнау деген атау қазақ ұғымында болған емес. Бұл – бүгінгі қоғам дерті. Бұл қазаққа бөгде елден келген жат қылық. Өзгенің қаңсығын таңсық қылуға бейімделген жастардың еліктеушілігі. Сондықтан да қазірден бастап балаларға құмар ойындардың зияны туралы айтып, лудомания дертіне шалдықпауын қадағалауымыз қажет.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив