«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
03
апрель
2025

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

 «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы имени Ахмета Байтурсунованда«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» айлығы аясында оқушылар арасында "Интернетке тәуелділіктің алдын алу және оны тиімді пайдалану жолдары; интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі; интернеттегі қауіпті нысандар (қаламаған бағдарламалар, жеке деректерді қорғау, интернет алаяқтық, виртуалды-достар, online-ойындар) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: адамның интернетті пайдалану деңгейін бағалау, оның күнделікті өмірге, психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсерін анықтау. Оқушының интернетте қанша уақыт өткізетінін, қандай мақсаттарда қолданатынын анықтау. Тәуелділік деңгейін бағалау – интернетке деген тәуелділіктің бар-жоғын және оның дәрежесін айқындау. Сондай-ақ интернетті шамадан тыс пайдалану адамның денсаулығына, эмоциялық жағдайына, қарым-қатынасына және оқу тиімділігіне қалай әсер ететінін талдау. Егер тәуелділік белгілері анықталған жағдайда, оны жеңу жолдары мен алдын алу шараларын көрсету. Интернеттен ажырату басқа адамдармен өзара әрекеттесуге, әңгімелесуге, және ойын ойнауға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Отбасымен бірге уақыт өткізуге көмектеседі, отбасылық қарым-қатынастарды жақсартады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив