03
апрель
2025
Кітап–ғажайып әлем!
Кітап–ғажайып әлем!
Отбасылық кітапханада 2 сәуір– Халықаралық балалар кітабы күніне орай өткізілген «Кітап–ғажайып әлем!» атты іс-шараға жергілікті ақын–жазушылар: фантаст–жазушы Сарманбай Исақ, жазушы Ауданова Бақтыгүл, сазгер Саттарова Арайлым, сонымен қатар іс-шараға Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары қатысты. 📚Мерекелік іс-шараның шымылдығын Минск қаласындағы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханаларының құттықтауы ашты. 📚Кітап макетін киген оқырманның құттықтауы, «Ертегілер шеруі», «Ер тұран» күйі, «Әке үкімі» монологы, «Кел, досым кітапханаға» мерекелік кештің шырайын кіргізсе, Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» шығармасынан көрініс одан сайын жандандыра түсті. Балалар жырдан шашу шашып, кештің соңы «Қазақстан» әнімен аяқталды. #біртұтас_тәрбие