Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді
01
апрель
2025

Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді

 Мектеп аттестациясы 2024-2025 жж.
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді 💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды. ⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Лучший 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. ✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты. 🎖 Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Лучший педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив