Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер
01
апрель
2025

Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер

 Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер ⚡️ Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды. ✔️ Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды. 🔷 Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды. 📊 Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды. ⏩ Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив