04
октябрь
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Мектеп ұжымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын орындау мақсатында және Қазақстан Респбуликасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес және Шымкент қалалық білім басқармасының 25.08.2023 жылғы №356 бұйрығымен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.