18
май
2023
Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда жоспарға сай, Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту және дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу, ас адамның арқауы екеніне көзін жеткізу, салауатты өмір сүруге шақыру, зиянды әрекеттермен күресе білуге баулу, дәрумендер жайында мәліметтер беру мақсатында әлеуметтік педагог А.Тазабекова 5 а,ә,в,г сыныптар арасында "Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі" тақырыбында сайыс өткізді.
Сайысқа қатысушылар пайдалы тамақтану жөнінде сұраққа-жауап берді, дұрыс тамақтану мен денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып, өз қолдарымен пайдалы тағамдар жасап, көріністер көрсетіп, жоба қорғады.