14
февраль
2023
Ауған біздің есімізде
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында "Адал ұрпақ-саналы ұрпақ" жобасы аясында, “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастырылуымен 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай “Ауған біздің есімізде!”, "Ауғанның от жалыны" тақырыптарында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кеш қонақтары Ауған соғысының ардагерлері, полковник Мустаев Исабек және Ешанкулов Нұрғали мырзалар Ауған соғысының мақсатын, себеп-салдарын және өнегелі әнгімелерін оқушылармен бөлісті. Кеш барысында мектептің рәміздік топтары “ Дабылшылар” және күйші, әншілер өз өнерлерін ортаға салды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерең үлгісін көрсеткен қаһарман ардагерлеріміз аман болсын