17
January
2023
Менің болашақ мамандығым
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда қаңтар айының 17 күні кәсіптік бағдар беру педагогы А.Кәдірханның жетекшілігімен
9 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында "stand up" сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Schoolchildren «кім болғанды қалайсың?» деген сауал қойылып, әр оқушының өз ойын, яғни дәрігер, мұғалім, технолог, теміржолшы т.б мамандық иесі болатынын білді. Оқушылар "Осы мамандық иелері қазіргі таңда қаншалықты қажет?" деген сауалға өз ойларын ашық жеткізе білді. Яғни, осы жерде заман ағымына қарай мамандықтар әлемі де өзгеріп отыратыны жайлы түсінік берілді.
Сондықтан да әрбір оқушы ең әуелі өз жеке басының ерекшеліктерін танып, өзінің жүрегіне үңілу арқылы бойындағы бейімділігін байқап, содан кейін ғана ұнататын мамандықтардың арасынан біреуін таңдау қажет екендігі айтыла келе, өзінің таңдаған мамандығының болашақ болмысы туралы терең зерттеп білгені және өз қалауы бойынша ой таразысына салып 2-3 мамандықты салыстырып көру керек екенін түсінді.
Отырыс соңына қарай оқушылар ақпарат ала отырып, оның келешекте алар орны, тигізер пайдасы жайында өзара ой бөлісті.