27
January
2023
ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда мектептегі білім беру үрдісіне қатысты мәселелер оқу-тәрбие үрдісінің мүмкін болатын кемшіліктерінің алдын алу, жекеленген әрекеттерді реттеу, өткізілген ұйымдастырушылық, тәрбиелік, әдістемелік шаралардың нәтижелерін талдау, педагогикалық ұжымның шығармашылығына қолдау көрсету, бақылау (басқару) жұмыстарының қорытындысын шығару мақсатында директор жанындағы кеңес өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- қалалық пән олимпиадасы мен ғылыми жоба қорытындысы
- математика пән мұғалімдерінің оқыту дәрежесі, мектепішілік бақылауының қорытындысы. Математика пән апталықтарының қорытындысы. Мемлекеттік емтиханға дайындық деңгейі. Оқушылардың білім сапасы, дәптерлерлерінің ұсталуы.
- география, жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек, музыка технология пәні мұғалімдерінің оқыту дәрежесі, мектепішілік бақылауының қорытындысы. Мемлекеттік емтиханға дайындық деңгейі, оқушылардың білім сапасы, дәптерлерінің ұсталу деңгейі.
- Формативті бағалау. Сабақта кері байланысты жүзеге асырды.
- қазақ тілі мен әдебиеті пәндері он күндігінің қорытындысы. Пән мұғалімдерінің оқыту дәрежесі, оқушылардың білім сапасы.
- нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес
- Мектеп жиһаздары мен техникалық құралдарының сақталу жайы