06
December
2022
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМІ
" КӨҢІЛІ ЖАҚСЫ БОЛҒАННЫҢ - ӨМІРІ ЖАҚСЫ"
Ғажайып Өмір!
Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір!
Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір!
Өмір — сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір — арман,жүзеге асыр;
Өмір — парыз,орындай біл!
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы named after Akhmet Baitursunovнда жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыстың алдын алуға бағытталған іс шара жоспарына сәйкес, педагог- психолог А.Бекжігітованың жетекшілігімен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез- құлықтың алдын алу мақсатында 8- сынып оқушылары арасында " ПСИХОЛОГИЯНЫҢ СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМІ" тақырыбында оқушылардың өмірге деген құлшынысымен қызығушылығын оятуға бағытталған суретшілер конкурсы ұйымдастырылды. Сайыс барысында сынып оқушыларының ауызбіршілігі, ынтымақтастығы, достық қарым - қатынасы нығая түсті. Оқушылар жоғары деңгейде белсенділік танытты. Еңбектері бағаланып сыныптар әртүрлі керемет номинациялар бойынша марапатталды. Өнерлерің өрге басып, татулық пен бірліктің арқасында өмірдің барлық сыйын, кереметін бірге көріңіздер ЖАСӨРЕН!