05
October
2023
Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев мырза Ұстаздар мерекесі қарсаңында арнайы мектеп ұжымын құттықтады.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз еліміздің тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Биыл педагогтердің кәсіби мейрамы ресми түрде бекітіліп, Халықаралық мұғалімдер күніне сәйкес 5-қазан белгіленді. Атаулы күнде Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев мырза барша ұстаздарды мереке қарсаңында құттықтап, арнайы Алғыс хат жолдады. Қызығы мен шыжығы мол ұстаздық қызметтің абыройын көтеріп, кәсіби қолдау көрсетіп, еңбегіміздің ескеріліп жатқанына Алғысымыз шексіз!
Аса құрметті Ғани Бектайұлы! Сізді де төл мерекеміз Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің білім саласында биік белестерді бағындыруда көшбасшылық жасауда шаршамаңыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға шаттық, қызметіңізге кәсіби өрлеу тілейміз! Марапатыңыз үшін үлкен Алғысымызды білдіреміз!