16
May
2023
МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия Управления образования города Алматынде Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қалалық прокуратурасымен бірлескен “МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН” атты айлық аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша ағымдағы жылдың 16 мамыр күні 9-11 сынып оқушыларымен қала, аудан прокурорларының қатысуымен бір мезгілде құқықтық профилактикалық онлайн кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Іс шараның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, зиянды заттардан (арақ,темекі, есірткіден) аулақ болуға тәрбиелеу.
Жастардың білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған бас қосуға Шымкент қаласы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында Абай ауданы прокуроры Турлыби Нұрым Ұланұлы, Еңбекші ауданының прокуроры Мамаев ЖоMarch, Қаратау ауданының прокуроры Әжіхан Тимур Рахманбердіұлы, Тұран ауданының прокуроры Есимбетов Арман Абдимомынович қатысып баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. оқушылардың түнгі мезгілде жүрмеуін қатаң қадағалау керектігін атап өтті.