Әйел адам – гүлмен тең » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"named after Akhmet Baitursunov"
Управления образования города Алматы
Reception room :
+7(7252) 21-33-29
bookkeeping:
+7(7252) 21-33-29
Version for
visually impaired
» » Әйел адам – гүлмен тең
08
March
2023

Әйел адам – гүлмен тең

8 наурыз – ер-азаматтардың назарынан тыс қалMayтын бірегей мереке. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – аяулы әжелереміз бен аналарымыздың, ханымдарымыздың, аруларымыз бен қыздарымыздың төл мерекесі. Ана қуанышы, әйел шаттығы – әр шаңырақтың, әр отбасының беделі, Отанымыздың мерейі десек еш қателеспейміз. Осынау шуақты мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі де жақсылықтың керемет көрінісі, әдемі нышаны болса керек.  Абай: «Әйел адам – гүлмен тең», — дегендей Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы№50 мектеп-гимназияның ер жігіттер қауымы осындай керемет мерекемен барша мектептің нәзік жанды әріптестерін құттықтады. Әйел — ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Сұлулық пен нәзіктіктің иесі, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен жандар қашан да зор қошеметке ие.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив