29
August
2022
Саналы ұрпақ-ұлт болашағы
Бүгін 27 тамыз күні Шымкент қаласы Оқушылар сарайында "Саналы ұрпақ-ұлт болашағы" атты ата-аналар конференциясы болып өтті.
Конференцияға қазақтың ер мінезді қызы, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының қатысуымен тәрбиелік өнгесі мол кездесу болып өтті.
Саналы ғұмырын ана тілінің мәртебесін көтеруге арнаған.Өз сөзінде ұлттың тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын дамыту мәлелеріне де қатысты ойын ортаға салып, болашақта жастарымыздың бойынан жақсы қасиеттер мен ұлттық құндылықтарымызды көруге болатынын сенімді түрде атап кетті.
Сонымен қатар апамыздың қазақ ретінде қазақ еліне қосқан үлесі көп, десекте көтерген әрбір мәлеленің астарында ұлттың ұлылығын танытатын тағылым жатыр.
Ұстаздар,ата аналар тарапынан пікірлер айтылып, жақсы көңіл күйде ой түйгендерін білдірді.Тұжырымды ойлар жақсы тілектермен аяқталды.