Тіл - менің мақтанышым » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"named after Akhmet Baitursunov"
Управления образования города Алматы
Reception room :
+7(7252) 21-33-29
bookkeeping:
+7(7252) 21-33-29
Version for
visually impaired
» » Тіл - менің мақтанышым
05
September
2023

Тіл - менің мақтанышым

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияның орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Тіл - менің мақтанышым" атты онкүндік аясындағы жоспар негізінде Тіл – достықтың тірегі» атты іс-шара болып өтті. 2017 жылы елімізде қыркүйек айының бесі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні болып белгіленді.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 151 жыл толған мерейлі жыл. "Тәрбие басы – тіл" дейді Махмұд Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі көпұлтты мемлекетіміздің береке-бірлігін нығайта берсін! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бұл кеште оқушылар тілге байланысты тақпақтар мен нақыл сөздер айтып, ән айтып, кhouseтартып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Және де 10"Ж" сынып оқушылары өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен "Төле бидің кісен дауын шешуі" көрінісін көрсетті.
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін
 сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болMayды. Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив