Шымкент қаласы бойынша 11 сыныпты 13 286 оқушы және 9 сыныпты 21 777
Биыл Шымкент қаласы бойынша 11 сыныпты 13 286 оқушы және 9 сыныпты 21 777 оқушы бітіреді. 9-сынып пен 11 сынып бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бюджеттен 31 млн. 235 мың 674 теңге қаржы қаралып, бүгінде тапсырыс берілді. Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде 259 147 оқушы білім алса, мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік 122 мектепте 52 970 оқушы білім алады.